Түркістан облысында 72 түп жаңғақ ағашын ұрлаған азамат анықталды

Сурет: Zakon.kz
Түлкібас аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын өзіне тиесілі егістік жерінен егіп қойған 72 түп жаңғақ ағашын ұрлағанын жеткізді.

Жәбірленуші ер адамға келтірілген шығын көлемі – 150 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Бұл ұрлық қылмысын ашу бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тыңғылықты жүргізілген шаралар нәтижесінде күдіктіге қатысты ақпарат анықталды. Яғни, сезікті ер адам көрші ауылдың тұрғыны болып шықты.

Ол түнгі уақытта жәбірленушінің өсіп тұрған 72 түп жаңғағын қазып алып, өзінің жеке көлігімен әкеткен. Сатып, ақша етемін деген ойы полицейлердің қырағылығы арқасында іске аспады.

Қазіргі таңда айғақты зат ретінде қолды болған 72 түп жаңғақ тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті ер адам бұрын сотты болған. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды