Астанада алты көлікті іліп кеткен КамАЗ жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен

Сурет: pixabay
Астанада 7 сәуірде таңертең Камаз жүргізушісі Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай жүріп келе жатқанда жол шетінде тұрған алты көлікті іліп кеткен. Осыдан кейін бірнеше метр жүргеннен кейін жүргізуші көліктен секіріп түсіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


"Қазіргі уақытта жүргізушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады", - деп атап өтті полициядағылар.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Алматы тауларынан қауіпті зат табылды

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді