Астанада әуежай маңындағы өрт толығымен сөндірілді

Сурет: Zakon.kz
Астана халықаралық әуежайының маңындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы Zakon.kz-ға қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Елордалық өрт сөндірушілер гарнизонының жұмылуы арқасында әуежай аумағында сағат 18:48-де 3 гектар алқапты жайлаған өрт толығымен сөндірілді", - делінген ТЖД хабарламасында.


 Оқиға орнына техниканың жету қиындығы мен желдің соғуы кесірінен өртті сөндіру кезінде белгілі бір қиындықтар болғаны да нақтыланады.

Өрт туралы алғашқы келіп түскен хабарлама бойынша ТЖД бөлімшесінің техникасы мен қызметкерлері сағат 12:28-де әуежайға қарай бет алды. Ол кезде қызыл жалын 1 гектар аумаққа тараған болатын. 

14.30-дағы жағдай бойынша өртенген құрғақ шөп пен қамыстың ауданы шамамен 3 гектарға жетті. Өртті сөндіруге 40 адам жұмылдырылды.

Әуежай барлық уақытта штаттық режимде жұмыс істеп жатты. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады