Астана халықаралық әуежайында 23 рейс кейінге қалдырылды

Сурет: Zakon.kz
Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ​13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылғанын хабарлады.

"​​Астана халықаралық әуежайында 13 ұшып келу және 10 ұшып шығу рейсі кейінге қалдырылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы мен ұшақтың кеш келуі себеп. Жолаушылардан жолда абай болуларын және рейс жөніндегі ақпараттарды әуе компаниялардың байланыс орталықтарынан білулерін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Астана ТЖД ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылғанын хабарлаған. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.

ТЖД қызметкерлері жоғары өтімді техникамен қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жүргізіп жатыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Пәкістандағы қайғылы оқиға: Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді