Жаңаөзендегі жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңаөзендегі жарылыс орнында ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр, жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта үйінді астынан барлық адамдар шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық зардап шеккендер үйінді астынан шығарылды. Бұл жөнінде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

"17 сәуір күні сағат 5-04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберістегі пәтерінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 шаршы метр аумақта кіреберіс құлаған, 4 адам қаза тапты", – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

10:45-тегі жағдай бойынша медициналық көмекке 13 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала бар: 6 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне жіберілді. Жарылыстан үш пәтерге зақым келген. Үй газдан ажыратылды. Қоқыстар тазартылып жатыр. Себептері мен жағдай анықталады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ауруханаға түскен тұрғындарға барды.

Оқиға орнында ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр, жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ауруханаға жатқызылған науқастардың барлығы травматология бөлімінде, ал ауыр халде жатқандар жансақтау бөлімінде және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр, бір науқас Медавиация жедел жәрдемімен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқандардың отбасын көңіл айтамын. Зардап шеккендерге және олардың отбасына жаңа баспанамен қоса материалдық көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайлар қызметіне көмек көрсеткен еріктілер мен қаланың қамқор тұрғындарына алғыс айтамын. Қазіргі уақытта үйінді астынан барлық адамдар шығарылды, – деді Нұрлан Ноғаев.

Қоқыстар әлі тазартылып жатыр.

Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзеннің екінші шағын ауданында көпқабатты үйде жарылыс болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты