Жаңаөзен қаласындағы жарылыстан бір адам қаза тапты
Сурет: primeminister.kz
Жаңаөзенде газ баллонының жарылуынан бір адам қаза тапты, екі адамның жағдайы ауыр. Жаңаөзен қалалық ауруханасына барлығы 13 зардап шегуші түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
1994 жылғы жігіт есін жимастан қалалық ауруханада көз жұмды. Екеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Дәрігерлер олардың денесінің 80 және 50 пайызын күйік шалған деген диагноз қойды. Қалғандарының жағдайы тұрақты. Зардап шеккендер арасында балалар да бар, олар амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Қазір оқиға орнында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жүр. Сондай-ақ құтқарушылар мен кинологтар жұмыс істеп жатыр.
ҚР ТЖМ үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасып жатқанын, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылғаныын атап өтті.
Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзен қаласының екінші шағын ауданында көпқабатты үйде газ баллоны жарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript