Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты

Жетісу облысы Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылы 1 сәуірде сағат 08:52 уақытында Көксу ауданының Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метрді құрайтын қазандық жарылып, жазатайым оқиға орын алды. Бір жұмысшы қаза тапты. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда", делінген Көксу ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ марқұм жұмысшының 53 жаста екені, артында бес баласы қалғаны туралы да айтылады.

Сурет: Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript