Астаналық ер адам балаларының көзінше жүкті әйелін соққыға жыққан

Сурет: pexels
Астаналық ер адам балаларының көзінше жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"102" шұғыл байланыс желісіне елорданың 36 жастағы тұрғыны хабарласқан.

Полиция 42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баласының көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысына тиіп, қадір-қасиетін қорлап, ұрып-соққаны анықталды .Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес екен.

"Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды". Астана қалалық ПД

Полиция  егер зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз, онда дереу полицияға - "102" нөміріне немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефоны - 8-(7172)-71-60-63 хабарласуды сұрайды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті