Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

Сурет: pixabay
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Успен ауданының полиция қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады.

33 жастағы ер адамның Ресей Федерациясының азаматы және Соха Якутия Республикасының тұрғыны екендігі анықталды.

2022 жылы оған қатысты жалған құжаттарды жасағаны немесе өткізгені үшін Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 327-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Сол жылы ер адам Ресей ІІМ-нің Борзин ауданы бойынша Ресей ІІМ-нің Забайкальск өлкесі бойынша мемлекетаралық іздеуіне жарияланды. Оны ұстау туралы іздестіру бастамашысына хабарланды, – деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты