Қостанайда қараусыз қалған бір жасар бала терезеден құлап кетті

Сурет: pexels
25 сәуір күні кешке таман Қостанайда бір жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге шығып, сыртқа құлап кеткен.

"Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды".Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ата-аналарды баланы қараусыз қалдырмауға шақырды.

"Қауіпсіздік мақсатында терезелерге торлар немесе блокаторлар орнатыңыз. Есіңізде болсын, москит торлары баланы құлаудан құтқара алмайды".Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

2023 жылғы 13 сәуірде Теміртауда бір үйдік екі баласы төртінші қабаттың терезесінен құлап кете жаздады. Оларды дер кезінде жетіп үлгерген құтқарушылар құтқарып қалды.

 

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды