Астанада оңалту орталығындағы тәрбиеші ерекше балаға жәбір көрсеткен

Сурет: unsplash
Астанада ерекше балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиешісі балаларды жәбірлеген. Бұл жөнінде баланың анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме берді.

"3 мамыр күні сағат 19:48-де полицияға елорда тұрғыны қаладағы оңалту орталықтарының бірінде 6 жасар ұлына жәбір көрсеткені туралы шағымданды. ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анасының сөзінше, бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Қаңтар айында оның ұлын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшада ұрып-соққан, қазір бұл іс ҚР ҚК 110-бабы (Қинау) бойынша тергеліп жатыр. Ол кезде әлеуметтік қорғау басқармасы басланы басқа оңалту орталығына ауыстырған. Бала жаңа орталыққа 1-сәуірден бері барып жүр, анасы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, тәрбиеші баласын жиі ұрып-соғатынын көрген.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды