Астанада тұрғын үйдің үшінші қабатынан екі жасар қыз құлап кетті

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Астанада үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз құлап кетті. Бақытқа орай, балақай көршілері жайып үлгерген көрпешеге келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 мамырда сағат 20:05-те Астанада Байтұрсынов көшесіндегі 7 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтердің терезесінен ересектердің қарауынсыз қалып кеткен 2021 жылғы балақай құлап кетті. Анасы үлкен баласын ертіп, тісін емдетуге кеткен, ал әкесі қызының қашан терезеге шығып, оны ашқанын байқамаған. 

Құдай сақтағанда терезеде тұрған балақайды көршілері байқаған. Бала құлаған кезде олар көрпешені жайып үлгерген, осылайша ауыр жарақаттардың алды алынды. Қыз бала орташа дәрежедегі ауырлық деңгейінде ауруханаға жатқызылды.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз