Сот К., А., К., В., Т.,-ның 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағанын анықтады. Сотталушылар тәртіпсіздіктерге қатысу кезінде оқ тиіп, қаза тапқан.
"Сотталушылардың кінәсі алынған бейнежазбалармен, куәләрдің және туыстарының тану туралы хаттамаларымен, жүргізілген сот-медициналық сараптамалары және ұялы телефон болған жердің мәліметтерімен, жәбірленушілердің Алматы қаласы әкімдігіне және президенттің резиденциясына шабуыл жасаған және қару қолданғаны туралы жауаптармен расталады".Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Соттың бұл қылмыстық істі қарау себебі, тергеу барысында сотталушылардың заңды өкілдері қылмыстық істі ҚР ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы бойынша қысқартуға қарсы болған.
"Сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерде қатысқан кезде және ғимараттарға шабуыл жасаған кезде қайтыс болған соң, сонымен қатар сотта келтірілген дәлелдемелерді зерттеу барысында, сотталушылар кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен Қазақстан Республикасы қылмыстық-процесстік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы негізінде босатылды".Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.