Су жоқ, бірақ төлеуге міндеттіміз - «Ақжар» тұрғындары Досаевқа базынасын айтты

Сурет: freepik
Алматыдағы «Ақжар» ықшамауданының тұрғыны судың жоқтығына байланысты әкім Ерболат Досаевқа шағымданды. Ол үйді бес жыл бұрын сатып алғанын, бірақ әлі күнге дейін су жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Шағымға жауап берген мегаполис басшысы су мәселесі маусым айының соңына дейін шешілуі тиіс екенін атап өтті. Қазір мөлтек ауданға жаңа магистральдық құбыр тартылуда.

Алматылықтар ай сайын тұрақты түрде төлейтінін, бірақ әлі күнге дейін судың жоқтығын баса айтты.

"Ақжар ықшамауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін наурыз айында Алатау даңғылының бойындағы магистральды су құбыры мен каскадты сорғы стансасының құрылысын бастадық. Бұл жобаны ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді әкім. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы төрт шағын ауданда су құбыры және кәріз желілерін жобалау жұмыстары жалғасуда.

Нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданы тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз сумен қамту мәселесін шешу үшін 335 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынады.

Бұған дейін Досаев Абай даңғылы арқылы тесіп өту үшін қалған саяжайлар қашан бұзылатынын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі