Өскеменде жасөспірім әкесінің көлігін ұрлап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Кәмелетке толмаған жасөспірімді полиция қызметкерлері әкесінің көлігін айдап келе жатқан жерінен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жүргізушіні Өскемендегі аулалардың бірінің тұрғындары видеоға түсіріп алған. Кадр полицейлерге жетіп, мән-жайды тәртіп сақшылары анықтады, деп хабарлайды Аltaynews ШҚО ПД-ға сілтеме жасап.

Кейінірек жас жігіт қамауға алынды. Анықталғандай, жасөспірім рұқсатсыз әкесінің көлігінің кілтін алып, көлікті ұрлап кеткен. Ол тіпті біраз уақыт қала көшелерімен көлік жүргізіп үлгерді. Артынша жасөспірімді тәртіп сақшылары байқап қалып, ұстады.

Құқық бұзушылықты баланың өзі жасағанына қарамастан, ата-анасы жауап беруге мәжбүр. Оларды 70 мың теңгеге жуық айыппұл күтіп тұр.

Бір ай бұрын Таразда жасөспірім әкесінің «Ауди» көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған болатын. Оныншы сынып оқушысы тізгінге ие бола алмай, көлік көпірден ұшып кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз