Қырғыз музыканты Қазақстанның Ішкі істер министрлігін сотқа берді, алайда талап-арыз қанағаттандырылмады

Сурет: Instagram/vicrammusic
Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін Астананың Алматы аудандық сотына ҚР Ішкі істер министрлігінің үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты әнші Instagram парақшасында бөлісті.

2022 жылдың қаңтар айының басында Викрам Рузахунов қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен Қазақстанда ұсталды. Бұл факті расталмағандықтан, ол қамаудан босатылды. Кейін музыкант өзін полицейлер азаптағанын мәлімдеді.

Сол жылдың 9 қаңтарында "Қазақстан" телеарнасы Викрам Рузахуновтың Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқаны жайлы бейнеролик көрсетті. Рузахунов Астана қаласының Алматы аудандық сотына Ішкі істер министрлігіне қарсы шағымданып, видеода таратылған ақпаратты шындыққа жанаспайды деп тану, ақпаратты теріске шығару міндеттемесін жүктеп, сол телеарна арқылы ресми түрде көпшілік алдында кешірім сұрауды талап еткен.

Сот Рузахуновтың бейнеролик жауапкер – ҚР ІІМ-нің бастамасымен телеарнадан көрсетілді деген уәжі расталмағанын хабарлады. Сот шешімімен қырғыз музыкантының талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін