Талдықорғанда Q-net қаржы пирамидасын құрған күдікті қамалды

Сурет: pexels
Талдықорған қаласында Q-net қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікті қамауға алынды. Бұл жөнінде 26 мамыр күні Zakon.kz сайтына ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік таратқан ақпарат бойынша, 2018-2020 жылдар аралығында қаржы пирамидасының қызметіне 231 салымшы тартылып, жалпы сомасы 220 млн теңгеден астам жеке қаражатын салғаны анықталды.

"Сот күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

24 мамары күні Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны MetaGo жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз