Жезқазған, Алматы және Астана тұрғындары криптовалюта қаржы пирамидасын құрды
Сурет: Zakon.kz
Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны MetaGo жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәлімет бойынша, олар 600-ден астам адам мен 124 миллион теңгеден астам қаражат тартқан.
"Бұл тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript