Маңғыстау облысында көлік терезесінен денелерін шығарған жасөспірімдер анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 30 мамыр күні Жаңаөзен қаласы Ақсу шағын ауданындағы тас жолдардың бірінде мектеп түлектерімен болған бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, Daimler Chrysler автокөлігінің жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпай, заң бұзушылыққа жол берді. Жаңаөзен қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен аталған көлік құралының жүргізушісінің жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігімен хаттама жасақталды.

Ал Mercedes Benz E 320 автокөлігінің жүргізушісі бірден екі құқық бұзушылық жасағандығы белгілі болды. Ол әкімшілік кодекстің 614-бабында көзделген ережелерді елемей, көлік басқару кезінде жол қозғалысының өзге қатысушыларына қасақана кедергі келтірген.

Жол сақшыларымен 21 жастағы азамат осы бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар артқы орындығындағы жолаушының қауіпсіздік белдігін қолданбағандығы анықталып, ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 3-бөлігімен хаттама толтырылды.

Дәл осындай дерекпен BMW 5251 автокөлігінің де жүргізушісі заң негізінде жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Құқық бұзушының көлігінің артқы орындығындағы жасөспірімдер терезеден денелерін шығарып, жол қозғалысы ережесін бұзған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс