Ақтауда бес күн бұрын жоғалып кеткен алматылық жігіт табылды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының құтқарушылары Алматыдан атанған туристі бес тәулік ішінде аман-есен тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық жігіт Маңғыстауға барып, киелі орындарға зиярат етпекші болған. Сапары барысында ер адаммен байланыс кілт үзілген. Ол 27 маусымнан бастап іздестіріле бастады. 

"Жоғалған азамат 1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау қаласы мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, Полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды". Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство сапарға шықпас бұрын баратын аймақтың картасын зерттеуге, ол жақтағы адамдармен кеңесіп, ең қолайлы маршруттар бойынша бағыт-бағдар алуға кеңес береді. 

Айта кетсек, Атырау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен бақтшаныны іздестіріп жатқанына осымен жетінші күн болды. Іздеу-құтқару жұмыстарына тікұшақты жұмылдыру туралы да шешім қабылданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды