Жаңалықтар тізбегі
0

Құрманғазы және Жылыой аудандарында бақташыны іздеуге ТЖМ-ның тікұшағы жұмылдырылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 20:58 Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Атырау облысы ТЖД күштерімен Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде мал бақташысын іздестіру-құтқару жұмыстары осымен алтыншы күн жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін, 29 мамырда іздестіру-құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бортта 5 экипаж мүшесі, ТЖД 4 қызметкері және жоғалған бақташының туысы бар". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Айта кетсек, 2023 жылғы 24 мамырда сағат 15:12-де Жылыой ауданында бақташы шаруа қожалықтарының бірінен шығып, кері оралмағаны туралы шақырту түскен болатын. Жоғалған 1986 жылғы азамат  23 мамырда сағат 17:00 шамасында Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шығып кеткен. Сол күні шақырту түскен бойда дереу іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, ТЖД, полиция қызметкерлері және туысқандары жұмылдырылды.


"Сонымен қатар, ТЖД күштерімен Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ж.Нажимеденов ауылына қарасты Қошалақ елдімекеніндегі "Теміржанов" шаруа қожалығынан 26 мамырда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып, қайта оралмаған бақташы - 1963 жылғы азаматты іздестіру жұмыстары осымен үшінші күн жалғасуда", делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-ның 4 қызметкері және бір техникасы жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: