Ұлытау облысында жоғалған екі қойшыны іздеуге тікұшақ жұмылдырылды
Айта кетсек, 1964 жылғы "Кіші Киік" қыстауының жұмысшысы 2022 жылдың 31 желтоқсанында қыстақтан белгісіз бағытта шығып, содан бері із-түссіз жоқ. Оның жоғалғаны туралы арыз полицияға 2023 жылдың 2 қаңтарында келіп түсті, іздестіру жұмыстары осымен 8 тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 3 қаңтарда сағат 18:30-да "Тоба" қыстағының иесінен 1978 жылы туған қойшы мал іздеуге шығып, оралмады деген ақпар келіп түсті. Екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.
2023 жылдың 9 қаңтарында оларды іздеуге ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Іздестіру жүргізілген бағыт Жезқазған қаласы - "Тоба" қыстағы және "Кіші Киік" қыстағы-Жезқазған қаласы.
Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертіп, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі маңызды шараларды есте сақтауды сұрайды:
- дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз;
- азаматтар автомобильдермен жолға шықпас бұрын ауа-райына және дауылды ескертулерге назар аударуы керек;
- жазғы доңғалақтарды қысқы доңғалақтарға ауыстырып, көлікте күрек пен балта, жылы заттар, сіріңкелер мен шамдар, азық-түлік пен жанар-жағармай қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйрету кабелі, алғашқы медициналық көмек қобдишасы және зарядталған ұялы телефон болуы қажет.
- төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне немесе "101" нөміріне қоңырау шалыңыз.