Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды

Сурет: Алматы әкімдігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған.

"Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауда. Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды

Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Антикор
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы