Сыртқы істер министрлігі Таиландта тағы бір жерлесіміз қаза тапқанын хабарлады

5 маусымда өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Пхукетте қаза болған қазақстандықтың жағдайына түсініктеме бере келе, тағы бір қазақстандық қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров Артур Ысқақовтың жүрегі тоқтап қалғанын атап өтті. Суға түсуге тыйым салынғанына қарамастан, ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, қазақстандық жігіт пен оның қалыңдығы суға түскен.

"Ол ауруханаға жеткізілді, комада, ауыр халде болды. Оның ата-анасы ұшып барды. Консул дереу олармен берге Пхукетке барды, олар сол жерде дәрігерлермен келіссөздер жүргізді. Тай дәрігерлері басында оны елге әкетуге қарсы болды. Оны әкелу жөнінде Қазақстандағы әпкесі айтқан. Көрсеткіштер басқаша болды. Бірақ, өкінішке қарай, ол қайтыс болды". Айбек Смадияров

Оның айтуынша, бұл соңғы аптада болған екінші жағдай.

"3 маусымда сол жағалауда тағы бір азаматымыз қаза тапты. Ол да тыйым салынғанына қарамастан суға түсіп, үлкен толқынға тап болған. Қазір консул туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатыр. Жақын арада олардың денесі Қазақстанға жеткізіледі". Айбек Смадияров

Таиланд полициясы мен құтқарушыларының айтуынша, мұндай әрекеттерге негізінен ТМД елдерінен келген туристер барады.

"Статистика жыл сайын өсіп келеді, сондықтан біз азаматтарымызға  барған елдің талаптарын, заңдары мен ережелерін қатаң сақтауды өтінеміз. Егер суға түсуге тыйым салынса, онда суға түсуге болмайды. Бұл кезеңде толқындар өте қауіпті.Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға жапа шектірмеу үшін ережелерді сақтаңыз". Айбек Смадияров

Таиландта теңізге түсем деп ауыр халде ауруханаға жеткізілген қазақстандық жігіт қайтыс болды.

Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.

Ол суға батып кеткен қалыңдығын құтқару кезінде шамадан тыс су жұтып қойған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: