Астанада әйел адам баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

Сурет: Алматы әкімдігі
Астанада 9 маусымда әйел адам баласымен қоса 12-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz .

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 маусым күні сағат 14:19-да "102" желісіне Сығанақ көшесінің бойындағы  үйлердің біріндегі 12-қабаттың терезесінен әйел баласымен бірге құлап кеткені туралы қоңырау түскенін хабарлады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды.

"Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Нәрестені ауруханаға жеткізіп үлгергенімен, аман алып қала алмады", – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

2021 жылы Алматыда үш баласы бар әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қаза болды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды