Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Алғашқы дабыл бойынша Абай облысында алапат өртпен алысып жатқан өрт сөндірушілерге Қарулы күштердің әскери қызметшілері де көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Апат аймағына Семей авиациялық бөлімінің армиялық авиация экипаждары жұмылдырылған. Астанадан Абай облысына қосымша Ми-171Ш армиялық авиацияның көліктік-жауынгерлік тікұшағы жіберілді. Бұл авиациялық техника сыйымдылығы 3,5 тонна аспалы су төгетін құрылғылармен жабдықталған". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство қазіргі уақытта өрт ошақтарына әуеден 63 тоннадан астам су төгілгенін нақтылайды.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


"Жалынды сөндіруге тартылған әскери ұшқыштардың мұндай міндеттерді орындауға тиісті рұқсатнамалары бар", делінген хабарламада.


Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Айта кетсек, 8 маусымда Абай облысының "Семей орманы" табиғи реверватында тағы да өрт шыққаны белгілі болды. Қызыл жалын Бородулиха ауданындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында тұтанған. Соңғы деректерге сәйкес, Абай облысында орман өртінің ауданы 30 мың гектарға дейін ұлғайған. Өрт салдарынан үш орманшының қаза тапқаны белгілі болды, сондай-ақ жоғалып кеткен 11 орманшы әлі іздестіріліп жатыр. Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды