Абай облысындағы алапат өрт кезінде үш орманшы қаза тапты
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысында орман өртінің ауданы 30 мың гектарға дейін ұлғайды. Өрт салдарынан үш орманшының қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.
Үкіметіке және Абай облысы әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсету тапсырылды.
ТЖМ мәліметтері бойынша, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, із-түссіз кеткен тағы 11-і іздестіріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript