Жаңалықтар тізбегі
0

Якутиядағы 160 мың гектарды жайлаған алапат өрт ауыздықталмай тұр

Якутиядағы 160 мың гектарды жайлаған алапат өрт ауыздықталмай тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 10:26 Сурет: pixabay
Якутияда бір тәулік ішінде орман өртінің ауданы 147 мың гектардан 158,6 мың гектарға дейін өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, 11 маусымнан бастап өңірде ТЖ режимі орнатылған.

"Тәуліктің басында 158,6 мың гектар алқапта 90 орман өрті анықталды, оның ішінде Амгин, Верхоян және Олекмин аудандарында 542 гектарды қамтитын 5 тілсіз жау ошағы жойылды", - деді республиканың жедел штабында.

Нақтыланғандай, өткен тәулікте 14 мың гектардағы 20 жалын ошағы сөндірілген. Атап айтсақ, Алдан, Булун, Жиган, Кобяй, Мегино-Кангалас, Мирнин, Намск, Нерюнгрин, Томпон және Усть-Май аудандарындағы өрттер жойылды. Сонымен қатар, авиациялық және ғарыштық мониторинг барысында 17 жаңа – ауданы 2,4 мың гектар өрт анықталды.

"Жанып жатқан орман өрттері елді мекендер мен экономика объектілеріне қауіп төндірмейді", – деп түсіндірді Якутия экология, табиғатты пайдалану және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Андрей Коноплев.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 700-ден астам адам жұмылдырылған, авиация, жасанды жауын-шашын тудыратын зондтаушы ұшақтар жұмыс істеуде.

Сондай – ақ, Якутия елдегі өрт қаупі бар аймақтардың бірі болып табылады. Ормандардың жалпы ауданы 256,1 млн га (аумақтың 83,4%) құрайды.

16 маусымда Калифорнияда алапат орман өртінің жылдам таралуына байланысты адамдарды эвакуациялау басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: