Абай облысындағы өрт: орманның жану аумағы шамамен 3500 га болды
Сурет: ҚР ТЖМ
Абай облысында орман өрті тікұшақ, пойыз және көліктерді пайдалану арқылы сөндіріп жатыр. Орманның жалын шарпыған жалпы аумағы шамамен 3500 гектарға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ ұсынған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Секундына 6-10 метр екпінмен соққан желдің салдарынан, өртті сөндіру жұмыстары қиындай түсуде. Сондай-ақ тығыз өсетін және сортаң қсімдіктердің болуы да өрттің өршуіне әсер етіп жатыр.
24 мамыр күні Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 13 өрт сөндіру техникасы мен 70 адамнан тұратын бірінші эшелон, Қорғаныс министрлігінің бір әуе борты және 103 адамнан тұратын жеке құрамы, 15 техника оқиға орнына келді. Сонымен қатар, Астана қаласы мен Қарағанды облысы ТЖД құрамында 12 бірлік өрт техникасы мен жеке құрамнан 60 адамнан құрылған екінші эшелон келді.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев аэровизуалды барлау жүргізді. Сонымен қатар қосымша аэровизуалды тексеруге "Қазавиақұтқарудың" Еурокоптер тікұшағы тартылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.
"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында секундына 15-20 метрге дейін екпіні бар солтүстік-шығыс жел күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript