Абай облысындағы алапат өртті сөндіруге тікұшақтар да тартылды

Сурет: Instagram/glpr.semeyormany
Абай облысында 8 маусымнан бастап "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының территориясында орман алқабы өртеніп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, қызыл жалын шалған аумақ 30 мың гектарға дейін ұлғайып, алапат өртті сөндіруге тікұшақтар да тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ алапат өртті тікұшақтардың қалай сөндіріп жатқанын көрсетіп, құзырлы ведомствоның Telegram-арнасында видео жариялады.


Өртті сөндіруге ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері де жұмылдырылды. Бұл ведомствоның да Telegram-арнасында видео жарияланды.




ҚР ТЖМ-ның соңғы мәліметтері бойынша, алапат өрт кезінде орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11-і әлі іздестіріліп жатыр.

Алапат өртке байланысты Президент ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильинге Абай облысына шұғыл жетуін, табиғи апатқа қарсы күрес бойынша жұмысты басшылыққа алуын тапсырды. Ал Үкімет пен аймақ әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды