Түркияда зымыран жасап шығаратын зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
10 маусымда таңғы сағат 8-50-де Түркия астанасы Анкарада зымыран және жарылғыш материалдар жасап шығаратын зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Оқыс оқиға Анкарадағы Елмадақ ауданында орналасқан MKE (машина және химия өнеркәсібі) зауытында болған.

Салдарынан зауыттың бес қызметкері көз жұмды, зардап шеккендер де бар. Олар жақын маңдағы аурухунаға жеткізілген. Жарылыстан кейін өрт бұрқ еткені де хабарланады. Оқиға орнында өт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. 

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі аталған қайғылы оқиғаға байланысты әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді