Бас прокуратура таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.
"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Халықаралық іздеуде жүрген Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузиядан экстрадицияланатыны 2021 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Кейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.