Қостанай облысында қызылша дерті өршіп барады

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Соңғы он күнде жұқпалы дертке шалдыққандар саны екі есеге артқан.

Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде 42 адамнан қызылша анықталды. Оның басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр.

Сондай-ақ Рудный, Жітіқара қалаларында, Жанкелді ауданында осы ауруды жұқтырғандар бар. Қауіпті індетке шалдыққандардың дені балалар.

Көбі дертке қарсы екпе алмаған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Ондағы мақсат қызылшаның таралу аумағын, дертке шалдыққан жандардың кіммен жақын қарым-қатынаста болғандығын анықтау. Соның нәтижесі бойынша шұғыл алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. " Әйгерім Қалиева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды