Сауранда тұрғынның қомақты қаржысын алаяқтықпен иемденген күдікті қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды.

Оған сырттай таныс әйел ұлына диплом алып беремін деп қызметі үшін 1,3 миллион теңге ақшасын алып, екі жыл бойы алдап келген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдікті әйелді ұстау үшін тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекенжайынан анықталды.

Ол жұмыссыз жүрген тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда оған қатысты осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты