Экс-министр Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Адвокат Мұстахим Төлеев пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Ол экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мүддесін қорғаған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикоррупциялық қызметтің мәліметінше, Арыстанбек Мұхамедиұлының өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Мұхамедиұлының адвокаты алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды. А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 мың АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Антикордың мәліметінше, тергеу амалдары барысында 255 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат анықталып, тәркіленген. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды.

Ал Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі пара беруге әрекеттенді деген күдікке ілінді.

2023 жылғы 20 маусым күні Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді шығарды. Ол 8 жылға сотталды.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды