Жаңалықтар тізбегі
0

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 18:05 Сурет: Zakon.kz
Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді шығарды. Ол 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді судья Бағлан Ыдырысов оқыды.

Экс-министр Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды.

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан мен тағы екі айыпталушы Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова "Алтын адам шеруі" көрмесін өткізуге бөлінген 221 миллион 411 мың 730 теңге қаржы жымқырды деген айыппен сотталды. 

Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша негізгі сот отырысы 17 сәуірде басталды.

5 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Антикор" қызметкерлеріне жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайтынын мәлімдеді.

12 маусымда өткен сот отырысында айыптаушы тарап Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: