Жаңалықтар тізбегі
0

Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімі өзгеріссіз қалды

Алтын адам, Ұлттық музей, жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 17:11 Сурет: primeminister.kz
2023 жылғы 14 қыркүйекте Астана сотының апелляциялық алқасы Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алқаның шешімін төрағалық етуші судья Мұрат Солтыбаев оқыды.

"Мұхамедиұлының, Нұразханның, Көшеновтың, Сәдуақасованың кінәсі толық дәлелденді. Сотталғандар мен олардың қорғаушылары апелляциялық шағымда келтірген уәждері соттың зерттеу нысанасына айналды және расталмады. Барлық дәлелдемелерге сот тарапынан тиісті баға берілді. Сотталғандарды ақтау немесе олардың әрекеттерін қайта саралау үшін негіз жоқ". судья Мұрат Солтыбаев

Бұл ретте апелляциялық алқа Айым Сәдуақасоваға қатысты Астана қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы үкімін өзгертті.

"ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес Сәдуақасоваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша тағайындалған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылға кейінге шегерілді. Сәдуақасоваға қатысты бұлтартпау шарасы жойылып, дереу қамаудан босатылсын". судья Мұрат Солтыбаев

Сот алқасы Сәдуақасова жалғыз басты ана болғандықтан жазасын кейінге қалдыру туралы шешіммен келісті. Бұл шешім оның кішкентай баласының мүддесі үшін қабылданған. Енді Айым Сәдуақасова тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне тіркелу үшін келуге міндетті. Егер ол ҚР 74-бабының 2-бөлігінің талаптарын бұзса (баланы тастап кетсе, тәрбиелеуден жалтарса немесе екі рет жазбаша ескертуден кейін қоғамдық тәртіпті бұзса), шегеру мерзімі жойылады және ол орташа қауіпсіздік мекемесіне орналастырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: