Абай облысындағы өрт толығымен сөндірілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкпекті ауданындағы өрт сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен өрт бүгін сағат 7-15-те сөндірілді", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған дейін Көкпекті ауданында қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарланған болатын.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Спутниктен түсірілген сурет бойынша өртенген аумақтың ауданы шамамен 910 гектар болды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 2 шілдеде сағат 11:00 шамасында Үлгілі-Малшы ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарынан Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған қызметінің өкілдері аттанды.

Бұған дейін Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының  аумағында 2023 жылғы 8 маусымда алапат өрт шыққан еді. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен. 14 адам қаза тапты. 

Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады