Абай облысында тағы да өрт сөндіріліп жатыр

Абай облысы, Көкпек ауылы, қамыс өрті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 09:57 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2023 жылғы 2 шілде күні күндізгі сағат 11 шамасында жергілікті атқарушы органнан Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына қарауылдау жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шыққан.

"Қазіргі уақытта өрттің болжамды алаңы 200 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ".Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі 

Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 2023 жылғы 8 маусымда ірі өрт болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 60 мың гектар орман өртеніп кеткен. 14 адам қайтыс болды. Өртті бір аптадан кейін – 14 маусымда ауыздықталды.

ҚР Бас прокуратурасы Абай облысындағы орман өрті фактілерін тергеп жатыр. Тергеу барысында "Семей-Орманы" резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.

2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: