Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, адамдарды құтқарды

Астаналық өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, адамдарды құтқарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 09:56 Сурет: ҚР ТЖМ
23 шілде күні сағат 21.7-де Астана ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр алаңда 2-қабаттағы бөлмелердің бірінде өрт шыққаны анықталды. Өрт тез таралған, жоғарғы бөлмелерді түтін басқан. Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді. Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен үш иінді көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды. Жатақхананың 60 тұрғыны эвакуацияланды.

"ТЖД күштерімен өрт 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 техника жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құрметті Астана қаласының тұрғындары, ТЖД өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды және өз өміріңіз бен мүлкіңізді қорғауды ұсынады", – делінген Астана Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

"Ешбір адам өрттен сақтандырылмаған, сондықтан қауіпсіздік туралы алдын ала ойлану маңызды. Тұрмыстық өрттердің алдын алу бағыттарының бірі оларды – ерте анықтау. Ол үшін арнайы дабыл құрылғылары – автономды өрт хабарлағыштары жасалады. Олардың басты мақсаты – өрттің болғанын анықтап, ол туралы хабарлау. Датчикті үйіңізге орнату арқылы сіз мүлікті ғана емес, өміріңізді де сақтайтыныңызға сенімді бола аласыз", – деп қосты департаменттегілер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: