Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте индустриалды аймақта өрт шығып, оқиға орнында ресми орган өкілдері қаптап кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 17:49 Фото: zakon.kz
2024 жылы 27 шілдеде Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелеріне Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялдық аймағының аумағында күкірт жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтеншеліктер оқиға орнына келіп жеткенде ашық алаңда күкірттің жанып жатқанын анықтады.

"ТЖМ күштері аталған нысанда өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жедел штаб ұйымдастырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт орнына ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы тартылды. Өрт орнында ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Айта кетсек, 27 шілдеде Атырауда жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: