Астанада "Шарын" базары артындағы территорияда алапат өрт болды

Өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 18:31 Сурет: pixabay
25 сәуірде сағат 13:29-да "Шарын" базарының артында орналасқан 40 тонналық контейнерлер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға сәйкес, Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде ашық аумақта қоқыс пен 40 тонналық төрт контейнер өртеніп жатқаны анықталды.

"Өртті сөндіру барысында үш контейнерде тау болып үйілген макулатура және кеңсе бөлмесіне ретінде жасалған тағы бір контейнерде жиһаз жанғаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы 180 шаршы метрді құрады". Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 14:01-де оқшауланып, 16:43-те толығымен жойылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 8 адамы және қалалық ТЖД-ның үш техникасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: