Астана өрт сөндірушілер отқа оранған тұрғын үй кешенінен тоғыз баланы алып шықты
Сурет: Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
31 қазанда сағат 17:39-да Мәңгілік ел көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері аттанды, өрттен 13 адам құтқарылды, оның тоғызы - балалар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт 14 қабатты "Айсанам" ТК-нің 7-қабатынан шыққан, қатты түтін будақтады, өйткені пәтерде 40 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздары отқа оранған.
Өртті сөндіруге елордалық ТЖД-ның жеке құрамынан 20 адам және 5 техника жұмылдырылды.Елорда ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 18:05-те оқшауланып, 18:10-да толықтай жойылды.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



