Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушілер от шыққан жеделсатыда қалып кеткен әйелді құтқарды
Сурет: pixabay
Оқыс оқиға күндіз сағат 15: 20-да Айнакөл көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Оқиға орнына ТЖД бөлімше жасағы шұғыл жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айнакөл көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі жеделсатыда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер электр сымдарының тұйықталуынан от тұтанып, 12-ші және 13-ші қабат аралығында тұрып қалған жеделсатыда бір әйелдің қалып кеткенін анықтады. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Өрт сөндірушілер 1957 жылғы әйелді алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Елордалық №10 өрт сөндіру бөліміне қарасты бөлімше командирі Жанат Алтаев пен өрт сөндіруші Қуат Қазбеков өз жұмыстарын мінсіз орындап, адам өмірін сақтап қалды. Көрсетілген шұғыл көмек үшін құтқарушыларға жедесатыда қалып кеткен әйелдің қызы алғыс білдірді, делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript