Таразда орталық базар өртенді

Тараза, "Береке" базары, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 09:51 Сурет: Zakon.kz
30 қыркүйек күні таңертең Таразда "Береке" орталық базарының асханасы мен сауда бутиктері өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 07:52-де түскен.

Баспасөз қызметі оқиға орнына 56 қызметкер мен ТЖД-ның 13 техникасы жіберілгенін мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: