Астанадағы кафенің асүй бөлмесінде тоңазытқыш өртенді
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 8 ақпан күні таңертең астаналық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы Жолымбет көшесінде орналасқан кафеде шыққан өрт туралы хабарлама бойынша оқиға орнына жедел жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар келген кезде асүй бөлмесінде тоңазытқыш, жиһаз және ішкі әрлеу материалдары жанып жатқан.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жалын 120 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript