Алматыда құрылыс заттарын сататын дүкен өртенді

Алматыда құрылыс дүкені өртке оранды , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 14:35 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылғы 23 қаңтарда таңертең Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Әуезов көшесінде құрылыс материалдары дүкенінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйенсек, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті.

"Тексеру барысында бір қабатты құрылыс материалдары дүкенінің шатырында өрт болып жатқаны анықталды. Қалың түтін салдарынан өрттің ғимараттың шатыры арқылы таралу және оған жапсарлас әкімшілік ғимаратқа өту қаупі туындады. Өрттің шығу ошағын анықтап, жою үшін өрт сөндірушілер бензорездің көмегімен шатырды ашу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жапсарлас әкімшілік ғимаратты қорғау және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру оқпандары берілді. Оқиға орнында өртті сөндіру жұмыстарын ТЖД басшысы басқарды",- делінген ақпаратта.

Жедел қабылданған әрекеттердің нәтижесінде дүкен иелерінің мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Алматыда қалың қарда көлік қарсы жолаққа шығып кеткенін жазғанбыз. Жол апатынан жолаушы жарақат алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: