Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 70 адам эвакуацияланды
Сурет: видеодан алынды
Әбілқайыр хан даңғылындағы тоғыз қабатты үйде үш балкон өртенді. Өрт сөндірушілер №2 шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдай 5 мамырда сағат 16:48-де орын алды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.
Өрт сөндіруге 52 адам және 10 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 20 минут ішінде 50 шаршы метр аумақ толығымен сөндірілді. Төтенше жағдай кезіндегі қосымша сатының көмегімен 60 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ өрт сөндірушілердің сатысының көмегімен 10 адам құтқарылды. Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript