Алматыда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 18 сәуір күні сағат 14:30-да 101 пультіне «Ақкент» шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетінші қабаттағы пәтердің лоджиясы өртенген. Өрттің сегізінші немесе тоғызыншы қабаттарға өту қаупі болды. Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарып, 65 адамды, оның ішінде баласы бар әйелді эвакуациялады. Өрт сағат 15:02-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті
Ведомство өрттің шығу себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript