Синоптиктер Қазақстанның үш қаласында ауа көбірек ластанады деп отыр

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" мамандары Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының ауасында зиянды заттардың мөлшері артады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбі, 10 шілдеде синоптиктердің болжауынша, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады. Бұл дегеніміз қалалардың ауасында зиян қоспалардың көбейетінін білдіреді.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан тұрғындарына дүйсенбі күні ыстық ауа райы болатынын ескерткен еді. Еліміздің басым бөлігінде жоғары өрт жағдайы сақталады. Кейбір аймақтарда термометрлер 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қазақстан
Ақтөбе
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты